- Негізгі бет
- Спорт
- Әлем чемпионатына қатысатын...
Әлем чемпионатына қатысатын қазақ дзюдошылары белгілі болды
Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командалары Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Төрткүл дүниенің кіл мықтылары бақ сынайтын жарыс 7-14 мамыр аралығына жоспарланған.
Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов спортшылардың әлем чемпионатына қалай іріктелгені туралы айтты.
Әлем чемпионаты – маусымның ең маңызды жарыстарының бірі. Біздің міндетіміз осы жарысқа барынша дайындалып, спортшыларды жақсы формаға келтіру болды. Әлем біріншілігіне спортшылар әр салмақ бойынша осы маусымдағы көрсеткіштеріне қарай іріктелді. Құрама спортшылары жыл басталғаннан бері бірнеше Гран При, Grand Slam жарысына қатысты және құрама спортшылары жыл басынан барлық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осындай нәтижеге қарай бапкерлер құрамы әлем чемпионатына қатысатын құраманы жасақтады. Нәтижесінде, Доха татамиінде ел намысын аға буын өкілдері де, жас дзюдошылар да қорғайтын болады, - дейді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері.
Дохада өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)
100 келі: Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Толғанай Әбеуова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигуль Куюлова
70 келі: Анастасия Маякова
78 келі: Аруна Жангельдина
78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Қазір біз Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығудың соңғы кезеңдерін өткізіп жатырмыз. Мұнда біз күш көрсеткіштері бойынша, техника мен тактика бойынша көп жұмысты жетілдіреміз. Әлем чемпионаты жылдың ең маңызды додасы болғанымен, одан кейін бізді Астанада өтетін Grand Slam жарысы күтіп тұр. Өз жерімізде өтетін әлемдік бәсекеде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бізге әлем чемпионатынан жарақатсыз, абыроймен оралу аса маңызды», - дейді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.
Айта кетерлігі, Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады. Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайдан еншілейді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!