Алматыда ADD үстел теннисі орталығында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қатысты.
Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды. Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахан чемпион атанды.
23-24 қыркүйек блиц бойынша жарыстар өтеді. Ал турнирдің соңғы күні 24 қыркүйекте жеңімпаздарды марапаттау және турнирдің жабылуы жоспарланған. Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!