Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Сабыржан алғашқы айналымда Украина елінің өкілі Павел Ильюшамен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен украиналық боксшы жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!