Бүгін Лондон қаласында (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізеді.
Ерлер
- Қазақстан - Түркия
Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.
Әйелдер
- Қазақстан - Бразилия
Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.
Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Мария Лукьянова бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова