Әлем чемпионаты: Диас Сейітқалиев финалда

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медаль алуы мүмкін.

Жартылай финалда Диас Сейітқалиев жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, былтыр Тайзо Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Финалда Диас Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!