Әлем чемпионаты: Боксшыларымыздың финалдағы қарсыласы кімдер?

Ресейдің Екатеринбург қаласында болып жатқан бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының ақтық сынына қатысушылар анықталды.

Жартылай финал бүгін, 20 қыркүйекте өтті. Қазақстан атынан шыққан алты спортшының екеуі финалға шықты. Олар: Бекзат Нұрдәулетов және Қамшыбек Қоңқабаев.

Әлем чемпионатының барлық финалисі. 

52 келіге дейін:

Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) - Пангал Амит (Үндістан). 

57 келіге дейін:

Ласаро Альварес ( Куба) - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

63 келіге дейін:

Энди Круиз (Куба) - Кейшон Дэвис (АҚШ).

69 келіге дейін:

Андрей Замковой (Ресей) - Пэт Маккормак (Англия).

75 келіге дейін:

Глеб Бакши (Ресей) - Эмир Феликс Марсьяль (Филиппин).

81 келіге дейін:

Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Дилшодбек Рузметов (Өзбекстан).

91 келіге дейін:

Муслим Гаджимагомедов (Ресей) - Хулио Кастильо (Эквадор).

91 келіден жоғары:

Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Баходир Джалолов (Өзбекстан).

Финал және марапаттау рәсімі 21 қыркүйекте өтеді. Бірінші жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.