92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Айбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде болгар боксшысы Радослав Пантелеевтен айласын асырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/32 финалдағы кездесу отандасымыз үшін сәтті өтті. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдығын байқатты. Кейінгі раундтарда да қарсыласына мықтылығын мойындата білді. Болгар боксшысы 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болатын.
Айта кетейік, осыған дейін 60 килоға дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов тай боксшысын жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!