Алексей Луценко рекорд жаңартып, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко рекорд жаңартып, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Фото: ҰОК/Владислав Семенов

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін жеке жарыста да жеңіске жетіп, медаль санын беске жеткізген еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Топтық жарыстағы жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы үшін Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атақ болды. Осылайша, Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты.

Осы ойындарға дейін бұл рекорд қазақстандық каноэші Константин Негодяевқа тиесілі болған еді. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион атанған.

Алексей Луценко 2014, 2018 және 2022 жылдары жеке жарыста чемпион атанып, 2018 жылы Джакартада өткен ойындарда топтық жарыста жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ, оның қоржынында 2022 жылғы Азия ойындарындағы топтық жарыстың күміс медалі бар.

Осылайша, биылғы Азия ойындарында өткен топтық жарыстағы жеңісінен кейін Алексей Луценко тәуелсіз Қазақстан тарихында жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget