Александр Шевченко Словакиядағы турнирде финалға дейін жетті

Қазақстан құрамасының өкілі Александр Шевченко Братиславада (Словакия) өткен халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Шешуші матчта қазақстандық теннисшінің қарсыласы жапониялық Даниэль Таро болды.

Кездесу үш сетке созылды. Александр Шевченко алғашқы сетті өз пайдасына шешкенімен, кейінгі екі сетті Даниэль Таро жеңді.

Қорытынды есеп - 3:6, 6:0, 7:6. Жеңіс жапон теннисшісінің еншісіне бұйырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!