Александр Шевченко Роттердамдағы ATP 500 турниріндегі ойынын аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Нидерландтың Роттердам қаласындағы ATP 500 турниріндегі өз өнерін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздің екінші ракеткасы тартысты бәсекеде болгариялық теннисшісі, әлемнің 13-ракеткасы Григор Димитровтан 6:7, 6:3, 4:6 есебімен жеңілді.

Шевченко матч кезінде 12 эйс пен бір қос қателік жасады.

Ал қарсыласы Димитров жеті эйсті орындап, екі рет допты ойынға бере алмады.

Осылайша, қазақстандық теннисші Роттердамдағы ATP 500 турнирінен шығып қалды. Ал Григор Димитровтың жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!