Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Фото: ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 74-ракеткасы саналатын италиялық Маттиа Белуччимен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Бірінші партияда италиялық теннисші тай-брейкте басымдық танытты: 7:6 (7:5). Екінші сетте Маттиа Белуччи 3:1 есебімен жеңіп жатқан мезетте Александр Шевченко жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget