Александр Шевченко ATP 250 турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джерені жеңді. Кездесу 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.

Екінші айналымда Александр Шевченко әлемнің 41-ракеткасы Корентен Мутемен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!