Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Екінші айналымда ATP рейтингінде 77-орында тұрған Ян-Леннард Штруфф кортқа шықты. Үш сетке созылған тартысты кездесу 1 сағат 45 минутта қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды: 7:6, 3:6, 6:2.

Матч барысында Александр Бублик 22 рет эйс жасап, 2 қос қате жіберді және 7 брейк-поинттың екеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Александр Бублик әлемнің 93-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!