Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы хорватиялық Борна Коричпен кездесіп, оны екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 53 минутқа созылды.
Турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші канадалық Милош Раоничпен ойнайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!