- Негізгі бет
- Спорт
- Александр Бублик Париждегі...
Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымында кіммен ойнайды?
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен шеберлік байқасты.
Александр Бублик қос тай-брейкте 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингте 17-орындағы болгариялық Григор Димитровпен кездеседі. Ол бүгін әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті үш сағатқа созылған тартысты бәсекеде 6:3, 6:7(4:7), 7:6(7:2) есебімен жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан