Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің 1/8 финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Александр Бублик әлемнің 17-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитровпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласынан 2:6, 2:6 есебімен ұтылды.
Бублик матч кезінде бес эйс пен бес қос қате жасады. Ол үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал Григор Димитров екі эйс пен үш қос қате жасап, тоғыз брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!