Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұдан екі жыл бұрын осы жарыста үздік шыққан қазақстандық теннисші биыл доданың 2-ракеткасы болып тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирді екінші айналымнан бастаған Александр дүниежүзілік рейтингіде 137-орында тұрған канадалық Денис Шапаваловпен шеберлік байқасты.
Канадалық теннисші кезінде рейтингіде 10-орынға дейін көтерілген ойыншы еді. Сондықтан ойын аса тартысты өтіп, бірінші партияда Шаповалов шыдатпады – 6:1.
Екіншісінде тай-брейкте Бублик қарымта қайырды – 7:6 (14:12). Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей алды – 6:3.
Александр Бублик жартылай финалға өту үшін отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко немесе рейтингіде 104-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!