Александр Бублик Женевада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Ширек финалда отандасымыз дүниежүзілік рейтингте 24-орында тұрған Франция өкілі Артур Риндеркнешпен кездесті. Тартысты өткен матчта Александр Бублик үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қос теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп теңесті - 2:2.

Енді Александр Бублик АҚШ өкілі Лернер Тьенмен (АТР рейтингінде 20-орын) шеберлік байқасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!