Александр Бублик чемпион атанып, Қазақстанның рекордын орнатты

Александр Бублик чемпион атанып, Қазақстанның рекордын орнатты
Фото: instagram.com/ktf.kz/

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ATP 250 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Әлемнің 11-ракеткасы атанған спортшы осы спорт түрінен ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда Қазақстаннан шыққан әлемнің 11-ракеткасына 23 жастағы италиялық Лоренцо Музетти қарсы тұрды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATP Tour (@atptour)

Кездесу екі сетте аяқталып, есеп 7:6, 6:3 болып Александрдың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Бублик тарихи рекорд орнатты: Гонконгтағы турнирде жеңіске жетіп, ол ATP ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің топ-10-на енген алғашқы қазақстандық атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz)

Гонконгтағы бұл жеңіс Александр үшін ATP сериясындағы турнирлерде 9-шы титул болды.

Финалға дейінгі жолда Қазақстанның үздік теннисшісі Ботик ван де Зандсхулпты, Цзюньчэн Шанды, Маркос Гиронды жеңді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget