Александр Бублик ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі

Александр Бублик ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қытайлық Ибин Уден басым түсіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы франциялық Валантен Руайемен өзара мықтыны анықтайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget