Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын орнатты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғаш рет Париж турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Александр Бублик әлемдік рейтингте 16-дан 13-орынға көтерілді. Бұл - оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

Айта кетейік, Александр Бублик осы аптада Метц (Франция) АТР 250 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жарысқа үшінші ракетка болып тіркелген ол жарысты екінші айналымнан бастайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!