Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің 1/8 кезеңінде жеңіліп қалды

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің 1/8 кезеңінде жеңіліп қалды
Фото: ҚТФ

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен (Италия) өзара мықтыны анықтады. 

1 сағат 21 минутқа созылған матчта италиялық теннисші 1:6, 1:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget