- Негізгі бет
- Спорт
- Александр Бублик Аделаидадағы...
Александр Бублик Аделаидадағы турнирдің екінші айналымына шықты
Фото:
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисшінің қарсыласы ATP рейтингінде 278-орында тұрған 20 жастағы аустралиялық Джеймс Маккейб болды. Матч 1 сағат 18 минутқа созылып, Бублик 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Александр Бублик екінші айналымда аустралиялық Ринки Хидзиката (әлемнің 70-ракеткасы) мен ұлыбританиялық Дэниель Эванс (әлемнің 40-шы ракеткасы) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан