Александр Бублик ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалдағы кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Даниил Медведевтен басым түсті. Айта кетейік, Медведев - US Open турнирінің жеңімпазы.

Шешуші матч 6:3, 7:6 есебімен Александр Бубликтің пайдасына аяқталды.

Турнир барысында Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы саналатын Янник Синнерді де жеңген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!