Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Александр Бубликтің пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!