Александр Бублик ATP 1000 турнирінде әлемнің сегізінші ракеткасын ұтты

Александр Бублик ATP 1000 турнирінде әлемнің сегізінші ракеткасын ұтты
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 75-орында) Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан ATP 1000 сериясындағы турнирдің төртінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің сегізінші ракеткасы, ресейлік Андрей Рублёвті жеңді. Кездесу 6:4, 0:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Александр Мадрид турнирі 2002 жылы ұйымдастырыла бастағалы бері ерлер арасындағы жекелей сайыста қазіргі чемпионды алғашқы кездесуінде жеңе алған екінші ойыншы атанды (бұған дейін мұндай жетістікке 2004 жылы португалиялық Луиш Орна қол жеткізген).

Келесі айналымда Бублик чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget