28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыс аясында төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады:
- Жүзу сайыстары 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде суға секіруден командалар да өнер көрсетеді.
- Су добынан матчтар 4-11 қазан аралығында ұйымдастырылады.
- Ал әртістік жүзуден жарыстар 4-7 қазан аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова