28 шілде мен 3 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- 28 шілде - 3 тамыз аралығында еркін күрестен (юниорлар, жасөспірімдер) әлем чемпионаты өтеді. Бозкілемде отандық 19 палуан белдеседі. Өтетін орны: Афина қаласы, Грекия.
- 29 шілде - 2 тамыз аралығында пара таеквондодан Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 6 спортшымыз қатысады. Өтетін орны: Кучинг қаласы, Малайзия.
- 29 шілдеде УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі өтеді. "Қайрат" пен КуПС (Финляндия) ойнайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион.
- 31 шілдеде УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі өтеді. "Зимбру" (Молдова) – "Астана" командалары ойнайды. Өтетін орны: Кишинев қаласы, Молдова.
- 31 шілдеде УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі өтеді. "Спарта Прага" (Чехия) – "Ақтөбе" командалары ойнайды. Өтетін орны: Прага қаласы, Чехия.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!