Алдағы күндері қандай спорттық жарыстар өтеді?

Алдағы күндері қандай спорттық жарыстар өтеді?
Фото: depositphotos.com

Туризм және спорт министрлігі 23-29 маусым аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • 23 маусым мен 4 шілде аралығында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Ел құрамасынан 2 спортшы қатысады. Өтетін орны: Коломбо қаласы, Шри-Ланка.
  • 24-30 маусым аралығында бессайыстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жаһандық додада 8 спортшымыз өнер көрсетеді. Өтетін орны: Секешфехервар қаласы, Мажарстан.
  • 25 маусым мен 2 шілде аралығында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Турнирде 7 отандасымыз бақ сынайды. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
  • 26-27 маусым аралығында әйелдер және еркін күрестен Yasar Dogu, Vehbi Emre & Hamit Kaplan халықаралық турнирі өтеді. Жарыста отандық 12 палуан белдеседі. Өтетін орны: Коджаэли қаласы, Түркия.
  • 26-28 маусым аралығында белбеу күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді. Еліміздің 15 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысады. Өтетін орны: Лисаков қаласы, Қазақстан.
  • 26-29 маусым аралығында каратэден (WKF) Karate1 Youth League халықаралық турнирі өтеді. Турнирге 78 елден 3300-ден аса спортшы қатысады. Қазақстаннан 21 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия.
  • 27-29 маусым аралығында брейкингтен Азия чемпионаты өтеді. 20 елден 180-нен аса спортшы қатысады. Қазақстаннан 6 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Шанхай қаласы, Қытай.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget