Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс (10-0) TUF шоуының бесінші сериясында Фуркатбек Ёкубовпен (15-4) кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
UFC президенті Дана Уайт келіп тамашалаған жекпе-жекте отандасымыз төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.
30 жастағы Фуркатбек Ёкубов - кикбоксингтен әлем чемпионы. Ал Әліби Ыдырыс UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Даниел Кормьенің қол астында жаттығады.
Айта кетейік, "Қан мен тер" лақапатымен танымал Әліби Ыдырыс (10-0) - Naiza ұйымының бұрынғы чемпионы. Ол - осы жобаға қол жеткізген алғашқы қазақстандық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!