Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен турнир аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында Зейнеп Баянова (50 келіге дейін), Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) және Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль иеленді. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) чемпион атанды. Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) пен Ернұр Фидахметов (63 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Еркін күресте Болат Сақаев (86 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!