Алан Құрманғалиев Сингапурда жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алан Құрманғалиев Сингапурда жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Фото: ҰОК

Сингапурда халықаралық WTT Singapore Youth Smash турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев U19 жас санатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Отандасымыз жарыс барысында Доминикас Самуолисті (Дания) 4:1, Ю Хайянды (Қытай) 4:1, Сеа Бенайяны (Сингапур) 4:3, Лой Син Яоны (Сингапур) 4:0 есебімен жеңді.

Алайда ширек финалдағы тартысты кездесуде Эмануэль Отальвароға (Колумбия) 3:4 есебімен жол берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget