Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Хельсингборгте (Швеция) өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында үздік атанды.

Турнир барысында Алан Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обада Таббахты (Швеция) 3:0, Балаж Поорды (Мажарстан) 3:1, Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) 3:2, Ян Мругаланы (Польша) 3:0 және Йохан Хавстинді (Дания) 3:1 есебімен жеңді.

Финалда Алан Құрманғалиев польшалық Самуэль Михнаны 3:1 есебімен ұтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget