Алан Құрманғалиев Румынияда сәтті өнер көрсетіп жатыр

Алан Құрманғалиев Румынияда сәтті өнер көрсетіп жатыр
Фото: ҰОК

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті.

Олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget