3-5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 жасқа дейінгі жастар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді.
Қазақстан атынан бұл додаға Алан Құрманғалиев (№9) қатысады. Ол өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!