Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алан Құрманғалиев жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.
Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз