Алан Құрманғалиев Қытайдағы турнирде қола жүлде еншіледі

Алан Құрманғалиев Қытайдағы турнирде қола жүлде еншіледі
Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алан Құрманғалиев жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget