Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Ыстамбұлда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол жұптық сында ирандық Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея өкілдеріне 0:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Құрманғалиев 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында да екі медаль иеленген. Сол додада аралас жұптық сында чемпион атанып, жекелей жарыста қола алған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget