Алан Құрманғалиев беделді турнирде жүлде алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Алан Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Алан Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!