Алан Құрманғалиев беделді турнирде алтын алды

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға 22 елдің спортшылары қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар түрлі жас санатында жеті медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) иеленді.

Назерке Болатбек (U11) күміс жүлдегер атанды.

Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!