- Негізгі бет
- Спорт
- "Әл-Наср" Мессидің командасын...
"Әл-Наср" Мессидің командасын ойсырата ұтты: Роналду тік тұрып қол соқты
"Әл-Наср" мен "Интер Майами" арасындағы ойын жанкүйерлер күткен жаңалыққа сай болған жоқ. Футболсүйер қауым Роналду мен Мессидің бір-біріне қарсы текетіресін көргісі келген. Алайда португалдық футболшы жарақатына байланысты алаңға шықпады, ал Месси ойын аяқталар тұста ғана бой көрсетті.
Эр-Риядта өткен ойында арабиялық команда 6:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші голды 3-минутта Отавио соқса, 7-минутта Талиска пенальтиді сәтті орындады. Ал 12-минутта Лапорт допты алаң ортасынан теуіп америкалық команданың қақпасында тулатты. Бұл голға жанкүйерлермен бірге Роналду да тойлап, тік тұрып қошемет көрсетті.
"Әл-Наср" екінші таймда тағы үш гол соғып, "Интер Майамиді" ойсырата ұтты. Талиска хет-трик авторы болса, бір голды Маран өз еншісіне жазды. Ал Месси 84-минутта алаңға шығып, нәтижелі ойынымен көзге түсе алған жоқ. Тіпті ол бастапқыда ойнайтын құрамға да енбеген. Соңғы сәтте қосалқы ойыншылар қатарына қосылды.
Эр-Риядтағы ойынды ұйымдастырушылар билет сатылымынан 12 миллион еуро табыс тапқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай