Ақылы бөлімде оқыған: Шерхан Қалмұрзаға тағы бір сый жасалды

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздескен.

"Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі - бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!" - деді Саясат Нұрбек.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!