Ақтөбелік футболшының өліміне не себеп? ТЖД пікір білдірді

Ақтөбелік футболшының өліміне не себеп? ТЖД пікір білдірді
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Кеше "Ақтөбе" футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды. Өңірлік ТЖД өкілі жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, кеше Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кутуева көшесі, 27-үйде болған оқиға туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт шықпағанын анықтады, алайда үш адамның сүйегі табылды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін футболшымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмғаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget