Ақтөбелік фуболшының өлімі: полиция тергеуді бастады

Кеше "Ақтөбе" футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті қайғылы жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Полиция бір отбасының үш мүшесінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Газ жабдығына техникалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін футболшымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!