"Ақтөбе" футбол клубы украиналық жаттықтырушы Дмитрий Парфеновтың бас бапкер лауазымына тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.
49 жастағы маман футболшы кезінде Мәскеулің "Спартак" клубы намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған. Украина ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.
2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстайған. Кейіннен "Текстильщик" клубын баптап, "Тосно" ұжымымен Ресей Кубогін жеңіп алған. Одан бөлек "Урал" клубымен де Ресей кубогінің финалына дейін жеткен. Туланың "Арсенал" клубын жаттықтырған. Кейінгі жұмыс орны "Родина" клубы болып, онымен бірге РПЛ-ға жолдама беретін өтпелі матчтарда бақ сынаған.
Айта кетейік, клубты биылғы маусымда Андрей Карпович жаттықтырған болатын. Ол жуырда ғана премьер-лигаға оралған Семейдің "Елімай" командасына ауысты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз