Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Ақтауда екі бөлмелі пәтердің иесі атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабалаев спортшыға сыйлық жасаған видеоны әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.
Рахмонов аралас жекпе-жектен Ақтауда өткен Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турниріне қатысты. Шоудың басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Ермеков (14-5) уақытша Eagle FC титулын жеңіп алды.