- Негізгі бет
- Спорт
- "Ақсу" футбол командасының...
"Ақсу" футбол командасының легионерлері қанша алады?
Былтыр алғаш рет Премьер-Лигада ойнап 6-орын алған Павлодардың "Ақсу" футбол клубы биыл жүлделі орыннан дәмелі. Осы маусымда команда құрамы 60 пайызға жаңарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тізімдегі 20 футболшының он екісі қазақстандық спортшылар, қалғандары легионерлер. Командадағы ең қымбат ойыншы алматылық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов. Оның құны 500 мың еуро. Ал, легионерлердің ішінде жоғары жалақы алатын Гвинея-Бисау және Португалия елдерінің азаматтығы бар шабуылдағы жартылай қорғаушы Тони Силва. Ол 450 мың еуро алады. Айта кетерлігі, 29 жастағы Тони Силва мансабын ағылшынның әйгілі "Ливерпуль" клубында бастаған. Сонымен қатар, лигонерлердің қатарында екі бразилиялық бар. Сондай-ақ, Нигерия, Сербия, Украина, Қырғызстан және Кабардино-Балкар футболшылары доп тебеді. Бас бапкер украиналық маман Руслан Костышин.
Футболдан ел чемпионаты осы сенбі яғни, 4-наурыз күні жалауын желбіретеді. "Ақсу" командасы сырт алаңда "Тобылмен" кездеседі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Премьер-Лигада Павлодар облысының намысын "Ертіс" командасы қорғап келген. Еліміздің бес дүркін чемпионы, 2020 жылы қаржылық дағдарысқа ұшырап чемпионаттан шығып қалды. Сол кезде клубтың берешегі 1 млрд теңгеден асатыны айтылған. Қазір есеп-шоттары бұғатталып, команда жойылған. Оның орнына "Ақсу" командасы жасақталды. 2021 жылы бірінші лигадан жеңіп шығып, былтыр үздіктердің қатарына қосылған.
Е. Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы