"Ақсу" футбол клубы қарызына байланысты премьер-лигадан бас тартты

"Ақсу" футбол клубы қарызына байланысты премьер-лигадан бас тартты
Фото: instagram.com/fcaqsu

Футболшылар алдындағы берешегіне байланысты Павлодардың "Ақсу" футбол командасы премьер-лигада ойнамайтын болды. Клуб биылғы чемпионатты бірінші лигада өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Павлодар облысының намысын қорғайтын "Ақсу" клубы 2023 жылғы маусым қорытындысы бойынша ең соңғы орын (14-орын) алып, ҚР чемпионатының бірінші лигасына түсіп қалған. Алайда осы жылдың ақпан айында Қазақстанның кәсіби футбол лигасы премьер-лигаға қатысуға төрт футбол клубына ұсыныстар жолдады, оның ішінде "Ақсу" да бар.

"Павлодарлық "Ақсу" футбол клубының 2023 жылғы маусым бойынша ойыншылар алдында жалақы берешегінің болуы және басқа да қаржылық қиындықтарға байланысты 2024 жылғы маусымның премьер-лига ойындарына қатыса алатынын растай алмады", - деп хабарлады Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда басқарма мен "Ақсу" футбол клубы арасында 600 миллион теңге сомасына футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысуға шарт жасалды.

Е.Базарқұл

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан