Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (әлемнің 325-ракеткасы) АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан "Челленджердің" жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бейбіт Жұқаев ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкинді (әлемнің 296-ракеткасы) 6:7 (6:8), 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.
Бейбіт 16 эйс орындап, он брейк-пойнттың төртеуін (40%) пайданала алды.
22 жастағы қазақстандық қазақстандық теннисші енді 1/2 финалда аустралиялық Адам Уолтонмен (әлемінің 288-ракеткасы) ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!