Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.
Маңызды халықаралық додада ел намысын Тамерлан Жолдас, Анастасия Галечина, Богдан Вехов, Гүлдана Жалмұхан, Павел Цой, Полина Омельчук, Қасымбек Асылхан және Нұрия Алпысбай қорғайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!